Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

ПОЙЫЗБЕНЕН КЕТТІҢ ҚАЛАЙ ӘКІМ?

KAZAKBOL.COM

Шымкент шаһардан, Сұлтан шаһарға, пойызбенен кеттің қалай әкім?!!! Аптадағы әлеумжелінің тренді осы болды. Оңтүстіктің бас қаласына басшы болған Мұрат Әйтеновты әлдекімдер пойызда жұмыс істеп отырған жерінен суретке түсіріп алыпты мыс. Арзан һәм ескі пиар деп есіркеп жатқандар да болды. Дәл осындай суретті Бақ ньюс порталы жариялады. Басы бәлеге қалған Бақауовты алмастырған Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов та елордаға пойызбен жетуді құп көріпті. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.
Айтпағымыз әкімдердің жүріс-тұрысы емес, оларды пойызға әкеп мінгізген табиғаттың дүлей мінезі. Аптада алаш елін ақ қар көк мұз жапты. Шығыстан басталған ақ боран Арқаны жауып, түстіктегі біраз жерді сипап жалай өтіп, Ақтөбе арқылы батыстан бірақ шықты. Магистральдар жабылып, жолға шыққан жұрттың табиғи стихиядан жәбір көргені рас. Тіпті адам шығыны да бар. Жүздеген техника жабылып қар күрегенімен дүлей дауыл есе жібермеді. Басқасын қайдам бас қаламыз Нұр-Сұлтан да қар құрсауында қалды.
“Бүгін жауған қар. Сұмдық. Жұмысқа бара жатырмыз”.
Бұл Шығыс қазақстан. Қарлы боран алдымен осы өңірге қаһарын төкті. Жұрт жайсыздық көргенімен ежелден ет үйренгендіктен болар, табиғаттың түсі суық болғанымен адамдардың ажары ашық. Тіпті жырға да қосып жатты. Айтыскер ақыннан мынадай фольклор.
Ақтөбе облысы. Мұғалжар ауданы тұсынан өтетін Астрахань бағытындағы күре жолда 58 автокөлік пен 172 адам қар құрсауынан босатылды. Солтүстік Қазақстан. Жүргізушілер қарлы бораннан ғана емес, көктайғақтан да теперіш көруде. Әсіресе жүк көліктері жолдан таюда. Өскемен Алтай торабының 64-ші шақырымында қар көшкіні жүріп, жолдың 350 метр аумағын жауып тастаған. Техника тазартып әлек, қар жауып әлек.
Апта басы Астана Қарағанды бағытында трагедия орын алды. Барыс Хоккей клубының жанкүйері Астанадағы матчтан соң кештетіп жолға шығып кетіпті. Жолай қарға батып тұрған көліктерді қардан шығарам деп жүріп көз жұмды.
АЛЕКСАНДР, МАРҚҰМНЫҢ ДОСЫ: “Астанадан шыққанда күн ашық еді. Осакаровкадан өте бере боран басталып жол көрінбей кетті. Полиция көліктерді тоқтатып жібермейтіндіктерін айтты. Біз джипте болғандықтан жіберді. Бірақ хабарласып жол қалай екенін айтыңдар деді. Біраз жүрген соң үш көлік батып тұр екен. Соларды тросспен сүйреп шығаруға кірістік. Үшіншісін шығармақ болып, троссты жалғап жатқан кезде арт жақтан тойота келіп Әсетті қақты. Әуелде тірі жатқан. Қаққан жүргізуші оны салып алып кетті. Сәлден соң досымның көз жұмғанын естідім.
Марқұмның артында әйелі баласы қалды”.
«Прошу вас воздержаться от выезда за черту города, от поездок. Связи с погодными условиями. Видимость нулевая».
Қазір жол полицейлері өздеріңіз көріп тұрғандай трассаны жауып тастаған. Мына жерден жүргізушілер келесі ауылға барамын деп өтіп кетуі мүмкін. Бірақ 20-30 шақырым жерде тағы осылай жол полицейлері жолды торуылдап тұр.
Бірі жол сақшыларының талабына көнуге мәжбүр.
ӘЛІБЕК СЕРІК, ЖҮРГІЗУШІ:
“Карьер бар Қызылту деген, Торғайдың жанында. Жұмысқа бағыт алып бара жатқанбыз, жол жабық болған соң керісінше қайтуға мұқтажбыз енді”.
Кері қайтуға зауқы соқпаған кей жүргізуші осы жерде табандап тұрып, боранның басылғанын күтпек.
“Хоть неделю”.
Алайда боран шашынға қарамастан тоқтағысы келмейтіндер бар. Жолдан қалмаймын деп жолда қалуға қорықпайтын сыңайлы. Астанадан Семейге дейін 800 дей шақырым.
“Жете аласыз ба? Жүре аламыз. Просто уже негде жить здесь. Ақша жоқ. Бензинге ақша қалды. А қалаға, гостиницаға ақша жоқ иә? Ал енді қалай жетпексіз мына легковушкамен? По этой стороне, по тихоньку”.
Қар құрсауында қалған көліктерді құтқарып жүрген Қазавтожол қызметкерлері ондайлар такси жүргізушілері деп топшылайды.
БОЛАТБЕК ЛАЙЫҚОВ «ҚАЗАВТОЖОЛ» ҰК АҚМОЛА ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: “Таксистер жаңағы осындай кезде 2-3 есе қымбаттатады да күнделікті алып жүрген нелерін, сосын алдайды. Оны көп таксистің түрін де білеміз. Алдайды, міне мына жерге 20 км, 30 км. / Қояндыдан тоқтатса айтады, Сфоиевкаға дейін бара қояйын деп. Софиевкадан тоқтатса айтады, міне мына Кеңөткелге дейін барайын дейді. Солай сосын жаңағы қазақшылық. Өте берейік. Жүре берейік деп”.
Қазавтожол келтірген соңғы мәліметтерге сүйенсек:
Осы аптада Еліміздің 9-өңірінде, 48 участкеде барлық жолдар жабылды. Республикалық магистральдарда 629 адам құтқарылды. Олардың 19-ы бала. Сондай ақ 235 көлік құралы қар құрсауынан шығарылды.

АҚЫЛБЕК НИНЕЕВ АРНАЙЫ ТЕХНИКА ЖҮРГІЗУШІСІ: “Тазалайсың басып қалады, тазалайсың басып қалады. Кешке тазалағаның таңертең келсең алынбаған сияқты ғой, сол қалпы қалай тұр солай тұрады ғой”.
Қазавтожолға қарасты қызметтер екі апта болды, ұйқыдан қалдық дейді. 750 дей техникада қазір дамыл жоқ. Бұлардың басты міндеті жолды қардан тазалау. Бірақ батып тұрған көліктерді тастап кете алмайды.
АҚЫЛБЕК НИНЕЕВ АРНАЙЫ ТЕХНИКА ЖҮРГІЗУШІСІ: “ Біз бәріміз тіркеп, пункт обогрева бар, өзіміздің дэулер бар. Сонда апарамыз ғой оларды”.
Даланы қайдам, қаланың да қарқ болып тұрмағаны анық. Басқасын қойып бас қала қар астында қалды. Коммуналдық техника үлгермеуде. Жұрт өздерінше түрлі акциялар бастап кетті. Тұрсынбек Қабатов қармен күресуге өнерпаздарды шақырды.
Көптеген қала шетінде тұратын мұқтаж жандар бар, ардагерлер бар. …
Бізбіргеміз акциясына үн қосқандар арасында билік өкілдері де бар. Конституциялық кеңес қызметкерлері де кеңседен шығып қолдарына күрек ұстады.

Мамандардың айтуларынша биыл жауған қар жылдағы шамадан әлдеқайда көп. Және дүлей дауылдар мен қарлы боран осы аптамен аяқталмайтыны анық.

Первый канал Евразия

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM