Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Полиция «Оператор РОП» менеджерінің өліміне байланысты «суицид» бойынша іс қозғады

KAZAKBOL.COM

Астана полициясы «Оператор РОП» компаниясының атқарушы директоры Руслан Шамшиевтің өліміне байланысты «Өзіне қол жұмсау» бабы (105-бап) бойынша қылмыстық іс қозғады.

Бұл жөнінде полицияның баспасөз қызметі хабарлады. Қазір тергеу амалдары жалғасып жатыр. Полиция басқа ақпарат таратпады. Телеграмдағы Kozachkov offside арнасы 43 жастағы Шамшиевтің денесі Astana Apartments бизнес орталығының 6 қабатында орналасқан кабинетінен табылғанын жазды.

Ақпаратқа қарағанда, ол 25 қаңтарда көз жұмған. Ашық ақпарат көздерінде Руслан Шамшиевтің 2021 жылдан бері «Оператор РОП» компаниясында істегені жазылған, бірақ нақты айы көрсетілмеген. Оған дейін әр жылдары прокуратура, халыққа қызмет көрсету орталықтарында түрлі қызмет атқарған.

«Оператор РОП» — Қазақстанда кейінгі бес жылда қоғамда дау туғызған утилизация алымын жинаумен айналысқан, экс-президенттің кіші қызы Әлия Назарбаевамен байланысы бар жеке компания. Жуырда президент сынынан кейін үкімет оның функциясын «Жасыл даму» АҚ-на жүктеген. 26 қаңтарда «Оператор РОП» компаниясының төрағасы Медет Құмарғалиевтің «жемқорлық» бойынша ұсталғаны белгілі болды.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM