Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Politico: Қытай Ресейге винтовка тасымалдаған

KAZAKBOL.COM

Қытайлық компаниялар Ресейге шабуыл кезінде пайдаланылатын мыңдаған винтовка тасымалдаған. Бұған қоса, дрондар мен берен кеудешеге қажет заттар мен жабдықтар берген. Бұл жөнінде кеден деректерін жариялайтын ImportGenius сайтының ақпаратына сүйенген Politico басылымы жазды.

Аталған заттар мен жабдықтар Ресейге 2022 жылғы маусым мен желтоқсан аралығында тасымалданған. Қытайдың қорғаныс саласындағы ірі мердігер компанияларының бірі China North Industries Group Corporation Limited былтыр маусымда Ресей билігімен байланысты «Техкрим» компаниясына винтовка жөнелткен.

Politico-ның жазуынша, америкалық M16 үлгісі негізінде жасалған CQ-A винтовкалары құжаттарда «азаматтық мақсатта қолданылатын аңшылық қаруы» деп көрсетілген. Қытайда оны полиция қызметкерлері, Оңтүстік Суданда, Парагвайда, Филиппинде әскери қызметкерлер қолданады.

Бұған қоса, ресейлік компанияларға Түркия арқылы Қытайдан дрондар мен берен кеудешеге қажет заттардың 12 партиясы жөнелтілген. Тағы бір қытайлық компания желтоқсан-қараша айларында Ресейге Біріккен Араб Әмірліктері арқылы дрон детальдерін жіберген.

Украинадағы соғыста Ресей жағы қытайлық винтовкаларды пайдаланып жатқанына әзірше дәлел жоқ. Алайда бұған дейін Украинада қытайлық Mugin-5 дроны атып түсірілген. Mugin Limited компаниясы аталған дронды шығаратынын растап, оқиғаға өкінген.

«Біз бұл дрон қолданылғанын қаламаймыз. Оны тоқтатуға күш саламыз» деді компания өкілі CNN арнасына.

Батыс елдері Қытайды Ресейге қару-жарақ бермеуге үгіттеп келеді. Бұған дейін бірқатар халықаралық басылым барлау қызметіндегі дереккөзге сүйене отырып, Пекин Мәскеуге қару беру мәселесін қарастырып жатыр деп жазған. Қытай бейтараптық ұстанатынын және қақтығыс болып жатқан аймаққа қару сатпайтынын бірнеше рет мәлімдеген.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM