Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Полиция 8-қабаттан құлап қайтыс болған бойжеткенге қатысты тың дерек жариялады

KAZAKBOL.COM

Тілеугүл Қуаныш. Фото: Жеке мұрағатынан.

Алматы қаласы ішкі істер департаментінің баспасөз жетекшісі Салтанат Әзірбек 8-қабаттан құлап көз жұмған Тілеугүл Қуанышқа қатысты пікір білдірді деп хабарлайды NUR.KZ  порталы.

«Тілеугүл Қуанышты бір топ жігіт алып қашпаған. Ол жалғыз жігітпен өз еркімен көп қабатты тұрғын үйге барғаны бейнебақылауға түскен. Бойжеткеннің жігітпен әлеуметтік желіде бұрын да хат жазысқаны белгілі болды.

Қазіргі таңда қыздың өліміне қатысты Алатау аудандық ІІБ-да Қылмыстық кодекстің 105-бабы бойынша іс қозғалып, сот алды тергеу жұмыстары жүргізілуде. Тілеугүлмен бірге болған жігіт қазір полиция бөлімшесінде, түсінік беруде. Қыздың 8-қабаттан не үшін құлағаны тергеу біткен соң анықталады «,— деді баспасөз жетекшісі Салтанат Әзірбек.

Естеріңізге сала кетсек, кеше 19 жастағы бойжеткенді бір топ жігіт алып қашып, артынша қыздың өлі денесі мүрдеханадан табылғаны туралы ақпаратты NUR.KZ порталына оның туыстары хабарлаған болатын.

Туған-туыстарының хабарлауынша, бойжеткенді жерлеу рәсімі бүгін болмақ.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM