Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Польша тәжікстандық Сорбон Абдурахимзоданы еліне депортациялады

KAZAKBOL.COM

Польша тәжік азаматы Сорбон Абдурахимзоданы еліне депортациялады. 22 маусымда Польша басылымдары оны Болгария аумағы арқылы Душанбеге жөнелткенін мәлімдеді. Тәжікстан билігі Сорбонды оппозициялық топ жариялаған материалға «лайк» басты деп айыптайды.

Оның адвокаты Богумив Зигмонт Польша билігі Адам құқықтары жөніндегі Еуропа сотының шешіміне қарамастан, Абдурахимзоданы депортациялағанын айтады. Енді оны Тәжікстанда ұзақ мерзімге түрме жазасы күтіп тұр дейді адвокаты.

“Onet” сайты Варшава Сорбон Абдурахимзоданы Польша билігі үшін қауіпті деп санағанын жазған.

Freedom for Eurasia құқық қорғау ұйымының өкілі Ләйла Назгүл Сейітбек Твиттер парақшасына Абдурахимзоданы әскери ұшақпен Польшадан Болгарияға жеткізгенін, онда ол уақытша ұстау мекемесінде отырғанын мәлімдеген.

Бір ай бұрын Польша Сорбон Абдурахимзоданы экстрадициялаудан бас тартқан.

30 жастағы Сорбон Абдурахимзода екі баланың әкесі. Олар осыған дейін Украинада тұрған. Онда соғыс басталғаннан кейін отбасымен Польшаға өтпекші болған. Сол кезде ол ұсталған.

Сорбон Абдурахимзоданың отанында қандай бап бойынша айыпталып жатқаны белгісіз. Сорбонның туыстары оппозициялық «Группа 24» тобының материалына «лайк» басқаны үшін қуғын көріп жатыр дейді.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM