Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Помпео өзге елдерді Қытайға ұйғырларды бермеуге шақырды

KAZAKBOL.COM

АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео барлық елдерді этникалық ұйғырларды Қытайға бермеуге шақырды. Помпео Қытайда ұйғырларға қуғын-сүргін қаупі төнеді дейді.

22 қыркүйекте жасаған мәлімдемесінде Помпео Қытайдың солтүстік-батысындағы Шыңжаң аймағында жүргізіп отырған саясатын Пекин «террорға қарсы күрес» деп сипаттағанымен, шын мәнінде ол азшылықтың мәдениеті мен дінін «жою» әрекетіне айналғанын айтқан.

«Қытайдың Шыңжаңдағы репрессиялық науқанының терроризмге қатысы жоқ екенін айтқым келеді. Мәселе Қытайдың өз азаматтарының (сәйкестілігін) жоюға тырысып жатқанында болып отыр. Біз барлық елдерді Қытайдың ұйғырларды қайтару туралы талабына қарсылық білдіруге шақырамыз» деді Помпео.

Помпео бұл мәлімдемесін Орталық Азиядағы бес мемлекет — Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан мен Түркіменстан сыртқы істер министрлерімен БҰҰ Бас ассамблеясының сессиясы аясында кездескеннен кейін жасады.

БҰҰ сарапшылары мен белсенділердің айтуынша, Шыңжаңда кемінде миллион ұйғыр мен негізінен мұсылман дінін ұстанатын өзге де азшылық өкілдерін мәжбүрлі түрде «саяси тәрбиелеу лагерьлерінде» ұстап отыр. Пекин оларды «білім орталықтары» деп атайды.

Шыңжаңда ұйғырлар, қазақтар, қырғыздар, татарлар мен өзге де байырғы ұлттар өкілдерін (негізінен мұсылмандар) жаппай ұстап, «саяси тәрбиелеу лагерьлеріне» жібергені туралы ақпарат 2017 жылдың ортасынан бастап тараған.

2000 жылдардың басында Қазақстан мен Қытай терроризм, сепаратизм мен экстремизмге қарсы күресте өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойған. 2013 жылы Қазақстан Қытаймен сотталған азаматтарды беру туралы екіжақты келісімді бекіткен.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM