Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Президент Бердымұхамедов ұлын орынбасары етіп тағайындады


Түркіменстан президенті Гурбангұлы Бердымұхамедов ұлы Сердарды өзінің орынбасары және Түркіменстан жоғарғы бақылау палатасының төрағасы етіп тағайындады.

39 жастағы Сердар Бердымұхамедов үшін қосымша вице-премьер қызметі енгізілді. Сердар Түркіменстан жоғарғы бақылау палатасының төрағасы қызметін қоса атқарады. Түркімен мемлекеттік телеарнасының хабарлауынша, вице-премьер Бердымұхамдов Түркіменстан мемлекеттік қауіпсіздік кеңесінің құрамына да кіреді.

Сердардың жаңа қызметке тағайындалуы қарсаңында Түркіменстан жоғарғы бақылау палатасының ғимараты шұғыл түрде жөнделген.

Азатлык тілшісінің мәліметі бойынша, президент ұлы үшін мұнда демалыс дәлізі салынған. Мекеме қасындағы тұрғын үйлер боялған. Осы үйлердегі тұрғындарға жеке автокөліктерін аулаға қоюға тыйым салынды.

Бұған дейін 39 жастағы Сердар Түркіменстанның құрылыс өндірісі және өнеркәсіп министрі қызметін атқарған. Министр қызметіне ол 2020 жылғы 7 ақпанда кіріскен еді. Оның алдында Сердар Ахал уәлаятын басқарған.

Бақылаушылар 63 жастағы авторитар президент ұлын мұрагерлікке дайындап жүр деп топшылайды.

Түркіменстан президентінің ұлы Сердар Бердымұхамедовтің саяси мансабы 2016 жылдың соңында басталды. Сол кезде ол Түркіменстан парламентіне сайланған. Содан бері Сердардың қоғамдық-саяси белсенділігі артып келеді.

Ресми мақалаларды президент ұлын «халықтың ұлы» деп те атайды.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM