Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Президент Бердымұхамедов туған күнде «Аркадаг» қонақ үйін ашты

KAZAKBOL.COM

Түркіменстан президенті Гурбангұлы Бердымұхамедов 29 маусымда Ашғабадта «Аркадаг» қонақ үйінің ашылу салтанатына қатысты. Елде экономикалық дағдарыс тереңдей түскен уақытта түркімен билігі қымбат ғимарат құрылысын аяқтады

Мемлекеттік ақпарат құралдарының хабарлауынша, қонақ үйді Ашғабад қаласы әкімдігінің тапсырмасымен Bouygues Batiment International француз құрылыс компаниясы тұрғызған.

Қонақ үй президент Бердымұхамедовтің ресми атағы — «Аркадаг» деп аталды. Қымбат ғимарат ашылған күні Бердымұхамедов 64 жасқа толды.

Қонақ үйде 14 қабат бар, ғимараттың биіктігі 77 метр.

Бердымұхамедов Түркіменстанды 14 жылдан бері басқарып отыр. Халықаралық адам құқықтарын қорғау ұйымдары оны авторизм жүйесін құрып, адам құқықтарын аяққа таптады деп айыптап отыр.

Астанада зәулім қонақ үй ашылған уақытта түркімен халқы экономикалық ауыр дағдарысты бастан өткеріп жатыр. Елде азық-түлік тапшы, баға қымбат.

Бақылаушылардың айтуынша, Түркіменстанда бас көтерген қымбат қонақ үйлердің дені бос тұр. Жабық Түркіменстанға шетел туристері келмейді.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM