Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Президент Тоқаев Нью-Йоркке БҰҰ жиынына барды

KAZAKBOL.COM

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас ассамблеясының 74-сессиясына қатысуға Нью-Йоркке (АҚШ) бар​ды. Бұл туралы 23 қыркүйекте қазақстандық мемлекеттік телеарналар хабарлады.

25 қыркүйекке дейін жалғасатын сапар барысында Тоқаев БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерришпен, кейбір мемлекет және үкімет басшыларымен, халықаралық ұйым жетекшілерімен, ірі компания өкілдерімен және басқалармен кездеседі деп жоспарланған деп жазды президенттің баспасөз хатшысы Берік Құрманғали Facebook әлеуметтік желісіндегі парағында.

БҰҰ Бас ассамблеясы 74-сессиясының жұмысына ұйымға мүше 196 елдің делегациясы, жүзге жуық мемлекет басшылары, 80-нен астам үкімет және сыртқы саясат мекемелерінің жетекшілері қатыспақ.

Қазақстан президенті БҰҰ бас ассамблеясының «Кедейлікті жою, сапалы білім беруді және климатты сақтау іс-қимылдары мен жан-жақты тәсілдерді ілгерілету үшін көпжақты күш-жігерді шоғырландыру» тақырыбымен өтетін жалпы пікірсайысында баяндама жасайды деп хабарланды.

Қазақстан президенті ретінде Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-қа алғаш рет сапармен барды. Ол бұрын БҰҰ бас хатшысының орынбасары болып істеген.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM