Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті қырғыз президентінің туған бауыры Сабыр Момуновтың атын пайдаланып, заңсыз ақша табу мақсатында алаяқтық әрекетке барған екі азаматты ұстады.
Мемлекеттік комитеттің хабарлауынша, бұл екеуі М.Т.А. есімді азаматтан Қазақстанда ұсталған тауарларды шығарып беру үшін 1 млн 250 мың доллар сұраған.
Арнайы қызмет алаяқтық қылмысы бойынша іс қозғады. Олар 3 маусымда ақшаның бір бөлігін алуға барғанда қолға түсті. Күдіктінің біреуі уақытша тергеу изоляторына қамалды.
Комитет «жоғары лауазымды шенеуніктердің, сонымен бірге олардың туыстарының есімін пайдалану арқылы заңсыз ақша тапқысы келгендер қатаң жазаланатынын» ескертті.
Бұның алдында қырғыз президенті Садыр Жапаровтың баспасөз қызметі мемлекет басшысының, оның туыстарының атын пайдаланушы алаяқтар көбейгенін хабарлаған. Қызмет осындай жолмен табысқа кенелуді көздегендер бірден ұсталатынын ескертті.
KAZAKBOL.COM