Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Прокуратура: Қаңтар оқиғасына байланысты 92 адам түрме жазасына кесілді

KAZAKBOL.COM

Қазақстанда Қаңтар оқиғасынан кейін қозғалған қылмыстық істер бойынша 92 адам түрме жазасына кесілген. Бұл туралы 1 тамызда бас прокуратураның арнайы қызметтер басшысының орынбасары Нұрлыбек Сәбитов мәлімдеді.

Сәбитовтің сөзінше, Қаңтар оқиғасы бойынша сотқа 474 қылмыстық іс жіберіліп, 717 адам жауапқа тартылған. Ал ІІМ тергеу департаменті басшысының орынбасары Мұхтар Қожаев 255 күдікті қамаудан босатылып, жазасы жеңілдегенін айтты.

Прокуратураның мәліметінше, мыңнан аса адам «жаппай тәртіпсіздік жасады» және «терроризм актісі» айыбымен күдікке ілінген.

Бүгін, 1 тамызда өткен брифингте орган өкілдері 2089 қару іздестіріліп жатқанын, тағы 1936 қарудың Қаңтар оқиғасында қолданылған-қолданылмағаны анықталып жатқаны айтылды.

Қожаевтың сөзінше, Қаңтар оқиғасынан соң полиция барлығы 4,6 қылмыстық іс қозғаған.

«2,5 мыңнан аса іс – ұрлық жасау, 708 іс – қару ұрлау, 418 іс – бұзақылық, 199 іс – мүлікті жою, 26 іс тонау бабымен қозғалды. Тергеу органдары 15 мыңдай адамнан жауап алды» деді ол.

Қаңтарда үкіметке қарсы наразылық соңы ел тарихындағы ең үлкен қантөгіске ұласып, кемі 238 адам қаза тапты. Билік «сырттан келген террористер» шабуылы жайды айтып, бірақ оған нақты дәлел келтірмеді. Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қаңтар оқиғасы кезінде күштік құрылымға ескертусіз оқ атуға бұйрық берді. Қаза тапқандар арасында балалар, көшеде кетіп бара жатқан адамдар да болды.

Билік қоғамның талабына қарамастан Қаңтар қырғынында қаза тапқандардың толық тізімін жарияламады. Халықаралық ұйымдар Қазақстан билігін оқиғаны тәуелсіз тергеу үшін халықаралық тергеушілерді шақыруды ұсынған. Нұр-Сұлтан бұл ұсынысты құптамады.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM