Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Путин Қазақстанды «орыс тілінде сөйлейтін ел» деп атады

KAZAKBOL.COM

Ресей президенті Владимир Путин 23 желтоқсанда Мәскеуде журналистермен өткен баспасөз мәслихатында Қазақстанды «толық мағынасында орыс тілінде сөйлейтін ел» деп атады.

Қазақстан журналисінің сұрағына жауап берген Путин:

– Бізде (Ресей мен Қазақстан арасында – ред.) өте терең гуманитарлық байланыс бар. Орыс тілін сақтауға және дамытуға мұқият қарап отырғаны үшін Қазақстан басшылығына ерекше алғыс айтамын. Қазақстанда қанша адам орыс тілін үйреніп жатқанын өздеріңіз де білсіздер. Ол – толық мағынасында орыс тілінде сөйлейтін ел. Орыс тілінде оқытатын мектептердің, [ресейлік] жоғары оқу орындары филиалдарының саны артып келеді, оларға конкурс та көп, – деп мәлімдеді.

Бұған қоса Ресей президенті екі ел арасындағы экономикалық байланыстардың «құрылымын өзгерту» қажеттігі жайлы да айтты.

– Жоғары технологиялық даму салаларына көбірек назар салып, тиімдірек әрекет ету керек. Бұл – ең алдымен цифрландыру, сонымен қоса генетика, медицина, ғарыш салалары. Қазақстанмен Байқоңырдағы бірлескен жұмысты жалғастыра береміз, – деді Путин.

Путиннің осымен 17-рет өткізілген баспасөз мәслихаты төрт сағатқа созылды, онда журналистер түрлі тақырыпта 55 сұрақ қойды. Олардың бірнешеуі ғана өткір сауал болды. Ресейдің «шетел агенті» деп танылған Азаттықтың Орыс қызметінің тілшісі баспасөз мәслихатына аккредитация алғанымен, сұрақ қоюына мүмкіндік берілмеді. Қолына түрлі жазу ұстаған журналистерді Ресей президентінің баспасөз шатшысы Дмитрий Песков өзі таңдап отырды.

Былтырдан бері Ресей саясаткерлері мен ақпарат құралдары Қазақстанның аумақтық тұтастығына, елдегі орыс тілінің ахуалына қатысты қарама-қайшы мәлімдемелер жиі жасап жүр.

Биыл тамызда Ресейдің билікшіл басылымдары мемлекеттік тілде қызмет көрсетуді талап еткен «Til Maydani онлайн партиясы» Youtube арнасының авторы Қуат Ахметовтің және сол сияқты белсенділердің видеоларын «орыстар мен орысша сөйлейтіндерді жек көру» деп бағалаған. Мәскеу Қуат Ахметовтің Ресей аумағына кіруіне 50 жылға тыйым салды. Қазақстан президенті әкімшілігі жетекшісінің бірінші орынбасары Дәурен Абаев Ахметов бастаған қозғалыстың әрекетін «жабайы ұлтшылдық» деп бағалаған. Абаевтың мәлімдемесі қазақ қоғамында қатты сынға қалған.

Кейін Ресей федералдық органдарының талабымен Қазақстанның құқық қорғау органдары Қуат Ахметовтің үстінен қылмыстық іс қозғап, белсенді Киевке кетуге мәжбүр болған.

Жақында Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров «Российская газета» басылымында жариялаған мақаласында Қазақстанда орыс тілінде сөйлейтіндерге ксенофобиялық көзқарас барын айтты.

Бұған қоса, Қазақстан қоғамын екі ел арасындағы технологиялық байланыстардың күшеюі де алаңдатады. Биыл 3 қыркүйекте Ресейде өткен Шығыс экономикалық форумы кезінде Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин мен Ресейдің «Сбер» корпорациясы басшысы Герман Греф әріптестік туралы меморандумға қол қойды. Ол меморандум бойынша, Ресейлік корпорация Қазақстандағы мемлекеттік электрондық қызмет жүйесін жетілдіруге қатысады. Сала мамандары бұл меморандумнан секем алса, белсенділер мұны «Қазақстан тәуелсіздігіне төнген қауіп» деп атады.

Кремльге жақын саясаткерлердің, билікшіл басылымдардың Қазақстандағы тіл мәселесін қозғап, оның егемендігіне шәк келтірген мәлімдемелерінің артында Ресей билігінің өзі тұр деп санайтын сарапшы көп.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM