Көптеген әлемдік лидерлер Ресей президенті Владимир Путиннің шағын және орта қашықтыққа ұшыратын зымырандарға мораторий жариялау туралы ұсынысына жауап бермеген. Бұл туралы Ресей басшысының өзі әскери тақырыпқа арналған жиында мәлімдеді деп хабарлайды РБК.
Путиннің мәлімдеуінше, әлемдік қауымдастық жауап бермей отырғандықтан Ресей қауіпке қарсы шара қолдануға мәжбүр.
«Әзір тек Франция президенті Эммануэль Макрон жауап берді. Қалған әріптестерден реакция жоқ», — деп РБК президент сөзіне сілтеме жасайды.
Таяуда Владимир Путин Ресей биыл жыл соңына дейін ешбір шартсыз стратегиялық қарсы қарулануды қысқарту және шектеу жөніндегі келісімді (СНВ-3) ұзартуға дайын екенін мәлімдеген.
Биыл Ресей мен АҚШ арасында орта және шағын қашықтықта ұшатын зымырындарды жою туралы келісім жойылды. Бірінші болып Вашингтон шығатынын мәлімдеді. Мәскеу болса келісімді бұзды деп айыптады. Ресей өзіне тағылған айыптарды мойындамайтынын айтып, келісімнен шығатынын айтты.
KAZAKBOL.COM