Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Путин ауыр қылмыс жасағандарды азаматтықтан айыруды ұсынды

KAZAKBOL.COM

Ресей президенті Владимир Путин «Ресей азаматтығы туралы» жаңа заңды Мемлекеттік дума қарауына жіберді. Онда мемлекет басшысы Ресей азаматтығын алу және азаматтықтан айыру шарттарын өзгертуді ұсынған. Заңның мәтіні Мемлекеттік думаның электронды базасында жарияланды.

Путин терроризм, есірткі саудасы және мемлекетке сатқындық жасау сияқты ауыр қылмыс жасағандарды азаматтықтан айыруды ұсынған. Ол ІІМ-ге Ресей азаматтығынан айыру өкілетін беруді ұсынды.

Заңда Ресей азаматтығын жеңілдікпен алу жағы да қарастырылған. Мұндай жеңілдікке 20 категорияға кіретін азаматтар ие бола алады: бұрынғы СССР республикасының азаматтары мен олардың балалары, туыстары Ресей аумағында тұратын шетел азаматтары, Ресей немесе Совет одағында тұрақты тұрып келген азаматтардың үрім-бұтағы және тағы басқалар.

Азаматтықты жеңілдікпен алуға құқығы бар азаматтардың мәселесін шешу бойынша Ресей президентінің өкілеті кеңейтілген. Мемлекет басшысы кез келген мақсатта мұндай категорияға кіретін азаматтарды қоса алады. Ресей президенті сонымен бірге шетел азаматтарының қамқорындағы балаларды азаматтықтан айыру мүмкіндігіне ие болады.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM