Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Путин Байденге тікелей эфирде кездесуді ұсынды

KAZAKBOL.COM

Владимир Путин АҚШ президенті Джо Байденге пікір-таласты тікелей эфирде жүргізуді ұсынды. Ресей президентінің айтуынша, ол Байденмен 19-ы не 22 наурызда сөйлесуге дайын.

Ресей сыртқы істер министрлігі екі президенттің сөйлесуіне дайындық басталғанын министрліктің өкілі Мария Захарова хабарлады.

17 наурызда Байден ABC News каналына берген сұқбатында журналистің «Ресей президенті Владимир Путин адам өлтірді ме?» деген сұрағына «ия» деп жауап берген. Ол орыс билігі АҚШ-тағы сайлауға килігу әрекеті үшін жақын арада жауап береді деді.

Осы сөзінен кейін Ресей АҚШ-тағы елшісін Мәскеуге қайтарды.

Путин ұсынысынан кейін Ақ үй баспасөз хатшысы Джен Псаки журналистерге АҚШ әкімшілігі әзірге тікелей эфирдің болатыны, не болмайтыны жөнінде айта алмайтынын, себебі Байден Джорджияға іс-сапармен бара жатқанын мәлімдеді.

Псаки сонымен бірге Байдан айтқан сөздеріне өкінбейді деді. «Президент тіке қойылған сұраққа тіке жауап қайтарды», — деді ол. Баспасөз хатшысы АҚШ Ресеймен әртүрлі қайшылықтарға қарамастан, бірқатар салалар бойынша жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM