Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Путин кеңесшісі: Ресей әлемдік интернеттен кетуге дайын

KAZAKBOL.COM

Ресей техникалық тұрғыдан әлемдік интернеттен кете алады, бірақ бұл процесс тиімсіз. Осылай деп Ресей президентінің интернетті дамыту жөніндегі кеңесшісі Герман Клименко НТВ телеканалына берген сұхбатында мәлімдеді.

Ол қазір Ресей президентінің нұсқауы бойынша арнайы шенеуніктерге арналған интернет желісінің ресейлік сегменті жұмыс істейтінін айтты.

​Клименко бүкіл әлем интернетті реттеумен айналысып жатыр, мұны ішінде Ресей де бар дейді. Бірақ Путин кеңесшісі «солтүстік кореялық немесе кубалық секілді қысылтаяң әрекеттер жасамайтынын» атап өтті.

Ресей президенті мемлекетке Рунетті бақылауға алуды көздейтін «Байланыс жөніндегі» заңға өзгертулер енгізуді тапсырған.

Путиннің арнайы тапсырмасы бойынша әзірленіп жатқан «Сандық экономика» бағдарламасы жобасына сәйкес, 2024 жылы 95 пайыз трафик ресейлік желі арқылы өтуі тиіс. Сонымен бірге биыл Рунеттегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған арнайы жоба әзірленуі тиіс.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM