Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Путин: Ресей тәжік-қырғыз шекарасындағы проблемаларды шешуге көмектеседі

KAZAKBOL.COM

Ресей Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасындағы мәселелерді шешу үшін барлық мүмкіндікті қарастырады. Осылай деп Ресей президенті Владимир Путиннің 24 мамырда Қырғызстан президенті Садыр Жапаровпен кездесу кезінде айтқанын ТАСС ақпарат агенттігі хабарлады.

Аталған агенттік Жапаров Путинге қырғыз-тәжік шекарасындағы проблемаға назар аударғаны үшін риза екенін білдірді деп жазды.

Мәліметке қарағанда, кездесу кезінде Путин коронавирусқа қарсы «Спутник V» вакцинасын Қырғызстанда өндіру мәселелесін қарап жатқанын да жеткізген.

Осыған дейін қырғыз-орыс президенттерінің кездесуі кезінде шекара мәселесінен тыс еуразиялық аймақтық интеграциялық әріптестік жайында сөз болатыны хабарланған.

28-29-30 сәуірде қырғыз-тәжік шекарасындағы қарулы жанжалдан Қырғызстанда 36 адам, тәжік тараптан 19 адам қайтыс болған. Екі ел билігі бірін-бірі айыптап, қылмыстық істер қозғаған.

Ресей президенті Путин бұл оқиғаны тәжік президенті Эмомали Рахмонмен 8 мамырда Мәскеуде кездесіп, талқылаған.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM