Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Путин «Сармат» баллистикалық зымыраны дайын деп мәлімдеді

KAZAKBOL.COM

Ресей президенті Владимир Путин азаматтарды Отан қорғау күнімен құттықтап, Ресей 2023 жылы ядролық қаруды дамыта түседі деп мәлімдеді. Президент бейнеүндеуі Кремль сайтында жарияланды.

Путин «жаңа ауыр зымыраны бар «Сармат» кешенінің алғашқы ұшыру құрылғысы әскери кезекшілікке шықты» деп мәлімдеген.

Бұған қоса, Ресей «Кинжал» гипердыбыс зымырандарының әуе кешені өндірісін тоқтатпайды, «Циркон» гипердыбыс зымырандарының теңіз кешендерін армияға көптеп жеткізе бастайды. Бірнеше жылда Ресей әскери-теңіз флотына тағы үш атом сүңгуір крейсері кіреді, деп мәлімдеді Путин.

21 ақпандағы жолдауында да Путин стратегиялық күштерге көбірек тоқталған. Алайда президент сол кезде жаңа «Сармат» құрлықаралық баллистикалық зымыраны дайын екенін айтпаған. CNN телеарнасының дереккөздері бұл зымыран сынақ кезінде сәтсіздікке ұшырағанын мәлімдеген. Сынақ АҚШ президенті Джо Байден Киевке сапарлап барған уақытта өткен.

Сәрсенбіде Ресей мемлекеттік думасы Федерация кеңесі ядролық қаруды шектеу жөнінде Құрама Штаттармен жасалған келісімді уақытша тоқтату туралы заң жобасын мақұлдаған. Ұсынысты Путиннің өзі түсірген. Президенттің айтуынша, Ресей бұл келісімнен шықпайды, бірақ талаптарын орындамайды.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM