Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Путин Тәжікстан мен Түркіменстанға барады

KAZAKBOL.COM

Осы аптада Ресей басшысы Владимир Путин Тәжікстан мен Түркіменстанға барады.

Владимир Путин 28 маусымда жұмыс сапарымен Тәжікстанға барады. Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков «екі ел басшысы арасында екіжақты кездесу болады. Кездесу қорытындысы бойынша баспасөз мәслихаты өтпейді, құжаттарға қол қойылмайды» деді.

Дегенмен сарапшылар Путин мен Рахмон Ауғанстандағы жағдайды және Батыс санкцияларынан айналып өту мәселесін талқылайды деп есептейді.

Содан кейін Ресей басшысы Каспий саммитіне қатысу үшін Ашғабадқа барады. Бұл саммитке Әзербайжан, Қазақстан, Иран және Түркіменстан елдерінің басшылары қатысады.

Осының алдында маусым айының соңында Путиннің Одақтас елдердің аймақтық форумына қатысу үшін Беларуське баратыны хабарланған. Бірақ кейін бұл жиынның онлайн форматта өтетіні айтылды.

Ресей Украинаға шабуылды бастағаннан кейін АҚШ, Канада және бірқатар Батыс мемлекеттері Путинге еліне баруға тыйым салған.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM