Владимир Путин украиндықтарға Ресей азаматтығын беруді жеңілдету жөніндегі бұйрыққа қол қойды. Жарлық 11 шілдеде жарияланды.
Осыған дейін азаматтық алуды жеңілдету процесі Ресей бақылайтын Донецк және Луганск облыстарында және орыс әскері жартылай басып алған Херсонск және Запорожск облыстарында жүргізіліп келген.
Жаңа бұйрықта Украина азаматтары, Ресей мойындаған жікшіл республикалардың тұрғындары және азаматтығы жоқ адамдар Ресей азаматтығын алу жөнінде өтініш беруіне болады делінген.
Украина СІМ Путиннің бұл бұйрығы бір елдің егемендігіне қол сұғу және халықаралық құқықтардың талабын бұзу болып саналады деп мәлімдеді.
Осының алдында Херсонск және Запорожск облыстарында орыс азаматтығын беретін бөлімшелердің ашылғаны хабарланған.
KAZAKBOL.COM