Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Путинді қанішер деп атаған журналист Ресей басшысынан кешірім сұрамайтынын айтты

KAZAKBOL.COM

Билл О’Рейли. Фото: ria.ru

Fox News арнасының жүргізушісі Билл О’Рейли Ресей президенті Владимир Путинді «қанішер» деп атағаны үшін кешірім сұрамайтынын айтты деп хабарлайды Mk.ru сайтына сілтеме жасап NUR.KZ.

Тележүргізуші өзі жүргізетін бағдарламада көрермендерге Путиннен кешірім сұрауды жоспарламайтынын айтқан.

«Мен одан кешірімді қалай сұрайтынымды әзірге ойластырып жүрмін, бірақ, бұл біраз уақыт алуы мүмкін. 2023 жылдары бәлкім іске асатын шығар», — деді ол.

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков О’Рейлидің сөздері адамның жеке басына тіл тигізу деп саналатынын және мұндайға жол беруге болмайтынын мәлімдеді. Сонымен қатар Ресейдің журналистер одағы да америкалық тележүргізушіні пікірі үшін айыптап, ешкімнің біреуді болмаған қылмыс үшін қанішер деп айыптауға құқығы жоқ екенін айтқан.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Fox News телеарнасының жүргізушісі Билл О’Рейлиге берген сұхбатында Ресей президентін құрметтейтіндігін айтқан. Ал тілші болса, Батыстың Мәскеу мен Путинге таққан айыптарын еске салып, Ресей көшбасшысын «қанішер» деп атаған болатын.

Осы кезде АҚШ көшбасшы «Біздің елді сүттен ақ, судан таза деп ойлайсыз ба?», — деп журналиске қарсы сұрақ қойып, Ресеймен жауласқаннан гөрі жақсы қарым-қатынас ұстау керектігін жеткізді.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM