Кеше еліміздің танымал әншісі Ерке Есмахан 31 жасқа толды. Ол туған күнін елдер секілді той жасамай, азғантай дос-жарандарының арасында өткізді деп хабарлайды NUR.KZ.
Фото әншінің Instagram парақшасынан алынды
Еркенің туған күніне Ләйлә Сұлтанқызы, Айнұр Тұрсынбаева, Жан Мұқанов сынды ең жақын достары қатысқан.
Ол түнгі он екіде әншінің туған күнін бірге қарсы алып, ізгі тілектерін жаудырды.
Бұл күні Еркенің құшағы гүл мен сыйға толды.
Тура туған күні қарсаңында ол «Нұр Отан» партиясының мүшесі атанып, әншінің қуанышынла шек болмады.
Партия құрамына ол Төреғали Төреәлі екеуі өтті.
Туған күніне Ерке қара көйлек, ұзын қызыл етік киген.
KAZAKBOL.COM