Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов кезектен тыс сайлауда дауыс берді

KAZAKBOL.COM

Кезектен тыс сайлауда дауыс беруге ҚР Қарулы Күштерінің өкілдері мен олардың отбасы мүшелері қатысуда.

 

 
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов сайлау учаскесіне келіп, барлық деңгейдегі мәслихаттар мен партиялық тізім бойынша ұсынылған ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауында дауыс берді. ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов Назарбаев университетінде ұйымдастырылған № 97 сайлау учаскесінде өз азаматтық парызын орындады, деп хабарлайды zakon.kz, қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сүйеніп.

Кезектен тыс сайлауда дауыс беруге ҚР Қарулы Күштерінің өкілдері мен олардың отбасы мүшелері қатысуда. Олардың арасында Қорғаныс министрлігі, Бас штабы мен ҚР Қарулы Күштер құрылымдық бөлімшелерінің, орталық бағыныстағы бөлімдер мен мекемелердің, ҚР ҚК Құрлық әскерлері, Әуе қорғанысы күштері, Әскери-теңіз күштері әскери бөлімдерінің, әскери оқу орындары мен жергілікті әскери басқару органдарының әскери қызметшілері бар. Қазақстандық армияның әскери қызметшілері азаматтық борышты орындау, таңдау жасау және әрбір дауыстың маңызды екенін жете түсінеді. Сондықтан ҚР Қарулы Күштерінің барлық әскери бөлімдері, құрылымдық бөлімшелері мен мекемелері жаппай кезектен тыс сайлауға белсене қатысты.

Фото:mod.gov.kz

 


 

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM