Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Рамзан Қадыровтың қауіпсіздігі үшін жылына 200 млн рубль жұмсалады

KAZAKBOL.COM

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың қауіпсіздігі үшін жылына кемінде 200 миллион рубль жұмсалады. Бұл қаржыға Ресейдің Ұлттық гвардиясының 400-ден астам қызметкері Қадыровтың өзін, жылжымайтын мүліктерін, резиденцияларын және отбасын қорғайды.

«Открытые медиа» басылымының мәліметіне қарағанда, заң бойынша Қадыров ғана емес, оның анасы мен отбасы мүшелері күзетпен жүруге құқылы.

Шешенстан басшысы республикада қауіпсіздік және тәртіп орнағанын айтып келгенімен, соңғы бес жыл ішінде оны Ұлттық гвардияның 388-ден 430-ға дейін қызметкері қорғаған. Басылым бұл санды мемлекеттік сатып алулар порталындағы мәліметтер негізінде есептеп шыққан.

2017 жылы шенеуніктер 101,6 миллион рублге 200 күзетші жалдаған. Олардың 62-сі Қадыровтың резиденциясының, тағы 62-сі жеке хан сарайын, қалғандары Грозный қаласындағы әкімшілік ғимаратының қауіпсіздігіне жауапты болған.

Шешенстанда «Тұңғыш президенттің жесірінің әлеуметтік және басқа кепілдіктері туралы» заң бар. Оған сәйкес, Қадыровтың анасы қорғалады.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM