Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Ресей қорғаныс министрлігі Украина қарсы шабуылға шыққанын мәлімдеді

KAZAKBOL.COM

Ресей қорғаныс министрлігі маусымның 4-іне таң ата Оңтүстік Донецк бағытының бес учаскесінде Украина қарсы шабуыл бастағанын мәлімдеді. Алайда Украина бұл туралы ақпарат таратқан жоқ. Ұрыс қимылдары күшейгені туралы бейтарап ақпарат та жоқ.

Ресей әскери ведомствосының мәліметінше, Украина қарулы күштері стратегиялық резервінде тұрған 23-ші және 31-механикаландырылған бригадаларын ұрысқа қосқан, оларға өзге әскери бөлімдер қолдау көрсеткен. Механикаландырылған алты батальон мен екі танк батальоны іске қосылған.

Ресей қорғаныс министрлігі «Украина әскері мақсатына жете алмады, тойтарыс берілді. Ресей қарулы күштері бас штабының бастығы Валерий Герасимов бұл кезеңде алғы шептегі пункттердің бірінде болды» деп отыр.

Кеше Ресейдің телеграм-арналары Украина әскері Запарожье мен Донецк облыстарының шекарасына соққы жасағанын хабарлаған. Кей арналар Украина әскері екі елді мекенді алды деп жазған.

Соғыс жағдайында бұл ақпаратты растайтын мәлімет алу қиын.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM