Ресей 27 тамыздан бастап Венгрия, Египет, Кипр, Қырғызстан және Тәжікстанға тұрақты әуе қатынасын қалпына келтіріп, ұшақтар санын көбейтеді. Бұл туралы өлкенің Коронавирусқа қарсы күрес бойынша федералдық шұғыл штабы хабарлады.
Бұдан бөлек Доминикан Республикасына, Оңтүстік Кореяға және Чехияға ұшатын рейстер үшін осыған дейінгі қойылған барлық шектеуді алып тастау қарастырылып жатыр.
«Интерфакс» агенттігі хабарлағандай, Ресей осыған дейін аталған өлкелермен әуе байланысты қалпына келтіргенін жариялаған. Бірақ рейстер санында шектеу болған.
Ресей коронавирус пандемиясына байланысты 2020 жылдың 27 наурызынан бастап барлық елмен әуе қатынасын тоқтатқан. 2021 жылдың маусымына дейін 43 елмен тұрақты әуе қатынасын қалпына келтірген.
KAZAKBOL.COM