Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Шымкентте терроризм айыбымен оқушы сотталды

KAZAKBOL.COM

Мамырдың 15-і күні Оңтүстік Қазақстан облыстық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылының №10 мектеп оқушысы Шахзат Исмаиловты «терроризмді насихаттау» және «діни алауыздық қоздыру» баптары бойынша кінәлі деп тауып, төрт жыл мерзімге бас бостандығынан айырды.

Бұл туралы Азаттыққа мамырдың 15-і күні ОҚО кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Қайрат Қоңырбаев хабарлады.

Оның мәліметінше, айыпталушы сот залынан қамауға алынған. Жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді. Адвокаты Нұрлан Қангелдиевтің айтуынша, айыпталушының туыстары сот үкіміне келіспей, апелляциялық сот алқасына шағым түсірейін деп отыр.

017 жылы 16 қарашада Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысындағы департаменті мен ішкі істер органдары бірлесіп, Сайрам ауданының он бір тұрғынын ұстаған.

Оларға ҚР Қылмыстық кодексінің 256-бабының 2-бөлігі («Терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру») және 174-баптың 1-бөлігі («Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру») бойынша айыптар тағылған еді.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM