Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Ресей 11 шілдеден бастап «Солтүстік ағын»арқылы газ беруді тоқтатты

KAZAKBOL.COM

Ресей 11 шілдеден бастап Германияға «Солтүстік ағын» газ құбыры арқылы табиғи газ беруді тоқтатты.

Газ айдау тоқтайтынын газ құбырының операторы — Nord Stream AG компаниясы алдын ала ескерткен. Компания жоспарлы тексеру жұмыстары 21 шілдеге дейін созылады деп отыр. Германия мен Еуроодақтың басқа да елдері газ сол күйі берілмей қала ма деп қауіптенеді. Өйткені мұның соңы Еуропада энергетика дағдарысын тудыруы мүмкін.

Газ құбыры жылда бірнеше күнге тексеру жұмыстары үшін тоқтатылады. Алайда биыл «Солтүстік ағын» арқылы газ жіберу биыл екі есе азайған.

«Газпром» газ беруді қысқартуға Канадада жөндеуде жатқан Siemens газ турбиналарын Ресейге қайтармай қоюымен байланыстырды. Дегенмен Берлин Ресей шешімінің саяси астары бар деп есептейді. «Ресей энергияны қару ретінде пайдаланып отыр», — деп мәлімдеді 6 шілдеде ГФР канцлері Олаф Шольц.

Германия Канадамен келіссөздер жүргізіп, Оттавадан турбиналарды қайтаруын сұраған. Канада үкіметі оларды Германияға қайтаруға уәде берген. Турбиналар сол ел арқылы Ресейге жетуі мүмкін. Мәскеу әзірге бұл мәселеге қатысты мәлімдеме таратпады.

Ресей газын жеткізу толық тоқтайтын болса, онда Германия мен Еуроодақтың бірқатар елінде жанармай дефицитке айналып, үкіметтер газ беруді шектеуге көшеді. Германия қазірдің өзінде энергияны үнемдеуді көздейтін төтенше жүйеге көшті. Мұндай жүйе Еуроодақтың басқа да елдеріне тарауы мүмкін.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM