Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Ресей БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде климат және қауіпсіздік туралы қарарды қолдамады

KAZAKBOL.COM

Ресей БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің климат және қауіпсіздік туралы қарар жобасына вето қойды. Жобаны Ирландия мен Нигер ұсынды. Құжатты Қауіпсіздік кеңесінің 15 мүшесінің 12-сі қолдаған. Ресей мен Үндістан қарсы шықты. Қытай қалыс қалды.

Ресейдің БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Василий Небензя «халықаралық қауымдастық климат тақырыбында ортақ шешімге келе алмады» деп мәлімдеді. Ол қарар жобасын «климат белсенділерінің ұстанымын» әлемдік қауымдастыққа таңу деп атады.

АҚШ-тың БҰҰ-дағы елшісі Линда Томас-Гринфилд Ресей ветосын «ешқандай сөзбен ақтауға болмайды» деп мәлімдеді. Оның пікірінш, «климат дағдарысы қауіпсіздік дағдарысымен пара-пар».

Франция климаттың жылынуы мен қауіпсіздік арасында байланыс бар деп есептейді. Су тапшылығы, азық-түлік дағдарысы және климат қауіпсіздігінің болмауы «қарулы топтардың дәуірлеуіне» әкеледі, дейді Франция өкілі.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM