Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Ресей билігі Пригожин мен «Вагнер» бүлігіне қатысты қылмыстық істі тоқтатты

KAZAKBOL.COM

Ресей федералдық қауіпсіздік қызметі Дондағы Ростов пен Воронеж арқылы Мәскеуге қарай жылжыған «Вагнер» жекеменшік әскери компаниясының қарулы бүлігі туралы қылмыстық іс тоқтағанын хабарлады.

Бұның алдында Кремль «Вагнер» басшысы Евгений Пригожинмен жасалған келісімге сай қылмыстық істі жабуға уәде берген.

Пригожин бастаған қарулы бүлік кезінде кем дегенде 10 ресейлік жауынгер қаза болды, миллион тұрғыны бар қала қарулы биліктің бақылауына өтті.

Федералдық қауіпсіздік қызметі таратқан мәліметте арнайы қызмет «бүлікке қатысушылардың қылмыс жасауға бағытталған әрекетінен бас тартқанын көрді» деп жазылған.

Қылмыс кодексіне сәйкес, қарулы бүлік секілді аса ауыр қылмыстар жүзеге аспай қалған жағдайда қылмысқа дайындалу туралы бап күшіне енуі тиіс. Ол бап бойынша қылмыстық іс қозғалғаны туралы мәлімет жоқ.

2013 жылғы ақпанда бүлікке дайындалу туралы баппен бас барлау басқармасының полковнигі Владимир Квачков 13 жылға сотталған. Кейін Жоғарғы сот оның жазасын 8 жылға дейін қысқартқан.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM