Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Ресей «ДХР» мен «ЛХР» тәуелсіздігін мойындады

KAZAKBOL.COM

Ресей президенті Владимир Путин 21 ақпанда тікелей эфирде сөйлеген сөзінде Мәскеу Украина шығысындағы ресейшіл жікшіл мемлекеттердің тәуелсіздігін мойындайды деп мәлімдеді.

Осыдан кейін телеканал арқылы «Донецк халықтық республикасы» және «Луганск халықтық республикасының» тәуелсіздігін мойындау жөнінде құжатқа қол қойылғанын көрсетті.

Путин Украинаны «Ленин құрып берген» Ресей облыстарынан құралған тарихы жоқ мемлекет деп атады. Егер «большевиктер құрып берген Украина нағыз декоммунизацияны қаласа, Ресей оны жасайды» деді Ресей президенті.

Путин сөзінде Совет одағы құлағаннан кейін ұлттық мемлекеттерді ұлтшылдар басып алғанын айтты. Оның сөзінше, Мәскеу соған қарамастан Киевпен қарым-қатынасты жалғастырды, бірақ бұл үшін сый-құрметке бөленбеді.

Путин Украинаны Ресейге қауіп төндіретін мемлекет деп мәлімдеді. Ол Украина қазір «қуыршақ режимдердің колониясы» болып тұрғанын айтып, осы үшін біздің елге аяқ астынан қауіп төнуі мүмкін деді.

«Егер мұны біздің ата-бабамыз естиін болса, бұған сенбес еді. Біз де сенгіміз келмейді»,- деді президент. Оның сөзінше, Украина НАТО-ға кірген жағдайда, гипердыбысты зымырандар 5 минөт ішінде Ресейге жетуі мүмкін.

«Осыған байланысты Донецк халықтық республикасы мен Луганск халықтық республикасын мойындау қажет деп санаймын» деп мәлімдеп, Федерация кеңесін тиісті құжаттарға қол қоюға шақырды.

Жікшіл республикалар 2014 жылдың көктемінде өзін-өзі жариялаған. Ресей ол кезде мойындамаған. Бірақ Украинаның айтуынша, Ресей жікшілдерде астыртын әскери көмек көрсетіп келген.

Нәтижесінде жікшілдер Луганск және Донецк облыстарының аймағын бақылауға алды.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM