Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Ресей думасы БАҚ-ты сотсыз жабуға жол беретін заң қабылдады

KAZAKBOL.COM

Мемлекеттік дума Бас прокуратураға БАҚ-ты «фейк таратқаны», «билікке құрметсіздік танытқаны», «армияны қаралағаны» және «санкцияға үндегені» үшін жабуға құзырет беретін заң жобасын үшінші оқылымда қабылдады. Бұл туралы парламенттің төменгі палатасының сайтында хабарланды.

Бұған қоса, Бас прокуратура «керағар және қауіпті», сонымен бірге «РФ Конституциясы мен қоғамды құрметтемейтінін білдіретін» мәлімет таратқан ақпарат құралының лицензиясын қайтару алу құзыретіне де ие болады. Лицензияны қайтару туралы шешім Роскомнадзорға жолданады.

БАҚ 3-6 ай ішінде «қателікті» түзесе, онда ол федералдық қызмет шешімімен жұмысын жалғастыруға мүмкіндік алады.

Заңды бірнеше мәрте бұзған БАҚ заңсыз деп танылуы мүмкін.

Бұған қоса, құжатта Ресейде шетел ақпарат құралына тыйым салуға мүмкіндік беретін ереже бар.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM