Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Ресей думасы журналистер туралы «шетел агенті» заң жобасын қабылдады


Ресейдің мемлекеттік думасы жеке тараптарды «шетелдік тыңшы» деп анықтайтын заң жобасын үшінші оқылымда мақұлдады.

Құжатқа сәйкес, егер ақпарат таратқаны үшін шет мемлекеттерден және олардың мемлекеттік органдарынан немесе халықаралық ұйымдардан қаражат және басқа да мүлік алатын адам «шетел агенті» болып табылады. Бұл заң жобасының сонымен бірге шетелдік БАҚ-қа да қатысы болмақ.

«Шетелдік агенттер жөніндегі» заң Ресейде 2012 жылы қабылданған. Басында бұл тізімге шетелден грант алатын үкіметтік емес ұйымдар ғана кірген.

Қазір бұл тізімге 150-ден астам коммерциялық емес ұйымдарды енгізді. Арасында Азат Еуропа /Азаттық радиосының орыс қызметі мен «Настоящее время» телеканалы да бар.

Өткен айда елдің әділет министрлігі оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйдың Коррупциямен күрес қорын «шетел агенті» тізіміне енгізді.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM