Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Ресей Кабулдан 200 адамды алып шықты, арасында қырғыз азаматтары бар

KAZAKBOL.COM

18 желтоқсанда Ресей Ауғанстаннан 200-дей адамды алып шықты. Олардың арасында қырғыз азаматтары да бар. Бұл жөнінде Қырғызстанның қорғаныс министрлігі хабарлады.

Бұл жолы үш ұшақ тартылған. Ол ұшақтармен Ресей Кабулға азық-түлік және дәрі-дәрмектен тұратын 36 тонна гуманитарлық жүк жеткізіп, қайтарда өзінің және қырғыз азаматтарын алып қайтқан.

Кабулдан 18 желтоқсанда ұшып шыққан ұшақтар Тәжікстанның Гиссар және Қырғызстанның Кант әуежайына май құйдыру үшін қонып, 19 желтоқсанда Мәскеу облысындағы Чкаловский аэродромына жеткені хабарланды.

Қырғызстанның қанша азаматы эвакуацияланғаны әзірге белгісіз.

Ауғанстанда үкіметті басқару «Талибан» қозғалысына өткен кезде, ондаған қырғызстандық эвакуацияланған. Қырғызстан ауғандықтарға екі рет гуманитарлық көмек жеткізген. Егер Ауғанстанда аштық орын алса, босқындар Орталық Азияға ағылуы мүмкін екені айтылады.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM