Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Ресей мен Қазақстан Сауд Арабиясы есебінен мұнай өндіруді арттырады


Ресей мен Қазақстан ақпан және наурыз айларында мұнай өндіру көлемін арттырады. Коронавирустың жаңа түріне алаңдап отырған Сауд Арабиясы есесіне алдағы екі айда ерікті түрде мұнай өндіруді қысқартады.

ОПЕК+ тобының қалған мүшелері бұрынғы келісімде көрсетілген көлемде мұнай өндіре береді. Екі күнге созылған ОПЕК+ тобының жиынына қатысқандар осындай келісімге келді.

Ресей мен Қазақстан 4 қаңтарда басталған ОПЕК+ жиынында ақпан айында күніне 500 мың баррельге артық мұнай өндіруді ұсынып, басқаларды соған көндіруге тырысқан. Алайда Сауд Арабиясы коронавирустың жаңа штамы әлем елдерін локдаун енгізуге мәжбүрлеп жатқанын айтып, ұсынысты қолдамаған. Вирус күшейіп, қатаң локдаун енгізілсе, мұнайға да сұраныс азайып, бағасына теріс әсер етеді. Сауд Арабиясы іс жүзінде ОПЕК+ тобының жетекшісі саналады. Былтыр наурыз айында Сауд Арабия осы мәселе бойынша Ресеймен келісімге келе алмай, ақыры мұнай бағасы соңғы он жылда болмаған деңгейде құлдыраған. Мәскеу мен Эр-Рияд арасында бірнеше аптаға созылған «текетірестен» кейін ОПЕК+ өндірушілері сәуір айының ортасында мұнай көлемін 9,7 млн баррельге дейін азайтуға келісті. Бұл ғаламдық мұнай өндірісінің оннан біріне пара-пар.

ОПЕК+ тобына Сауд Арабиясы бастаған ОПЕК-тің 13 мүшесі мен Ресей бастаған мұнай өндіретін 10 ел кіреді.

5 қаңтар күнгі ОПЕК+ келісімі Ресей мен Қазақстанға ақпан айында — күніне 75 мың баррель , наурыз айында күніне 75 мың баррель артық мұнай өндіруге мүмкіндік береді. Есесіне Сауд Арабиясы осы екі айда мұнай көлемін күніне 1 миллион баррельге қысқартады.

Қазақстан энергетика министрлігі ОПЕК+ келісімін оң бағалап, құжат мұнай саласының дамуына «серпін береді» деп мәлімдеді.

«Кездесудің қорытындысы бойынша, келісімге қатысушы елдер мұнай өндіруді қысқартудың қазіргі деңгейін 2021 жылдың ақпан және наурыз айларына ұзарту туралы шешім қабылдады. Бұл ретте, Қазақстан мен Ресей үшін осы кезеңдегі өндірісті сәйкесінше тәулігіне 10 және 65 мың баррельге кезең-кезеңмен ұлғайтуды көздейтін жеке шарттары келісілді. Осылайша, ОПЕК+ шеңберінде Қазақстан үшін ақпан және наурыз айларындағы міндеттемелер сәйкесінше тәулігіне 1,427 млн баррель және 1,437 млн баррельді құрайтын болады» делінген хабарламада.

Қазақстан экономикасы шикізат экспортына 85 пайызға тәуелді. Мұнай бағасы арзандаса, елдің негізгі табыс көзі — экспорттан түсетін түсім де азаяды. Былтыр жыл басында мұнай бағасы құлдилап, Қазақстанда теңге күрт құнсызданған.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM