Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Ресей президенті CAS тыйымына қарамастан Бейжіңде өтетін олимпиадаға барады


Ресей президенті Владимир Путин Қытайдың Бейжіңде 2022 жылы өтетін қысқы олимпиадаға шақыруын қабылдады. Бұл жөнінде Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров хабарлаған. Лавровтың сөзінше, Қытай басшысы Си Цзиньпинмен телефонмен сөйлесу кезінде Путин шақыруын қабылдаған.

Былтыр желтоқсан айында Спорт арбитраж соты (CAS) Ресей басшыларына Олимпиадаға және әлем біріншілігіне екі жыл бойында қатысуға тыйым салған. Бұл Ресей спортының допинг жанжалына қатысты болған. Мәскеу антидопинг зертханасына жеке мәліметтерді өзгертті деп айып тағылған болатын.

Бұдан бөлек CAS шешіміне сәйкес, екі жыл қатарынан ресейлік спортшылар халықаралық жарыстарға Ресей туын көтеріп қатыса алмайды. Ресей әнұранын орындауға да тыйым салынған.

Ресей спортында допинг жанжалы бірнеше жыл бойы жалғасып келеді. Ресей билігі допинг бағдарламасы мемлекеттік деңгейде болды дегенді теріске шығарып келеді.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM