Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Ресей Сарышағанда зымыраннан қорғаныс жүйесін сынады


Ресей қорғаныс министрлігі Қазақстаннан жалға алған Сарышаған полигонында зымыраннан қорғану жүйесінің (ЗҚЖ) жаңа ракетасын сынағанын хабарлады. 26 қарашада жарияланған ресми хабарламада зымыранның қашан сыналғаны айтылмаған.

Ресей қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, зымыранға қарсы жаңа жүйе “өзіне тән қасиеттерін дәлелдеп, тапсырманы сәтті орындап, шартты нысананы дәлдеп атып түсірген».

«Зымыраннан қорғану жүйесі әуе-ғарыш шабуылдарынан қорғауға арналған» делінген хабарламада.

Ресейлік БАҚ қазан айының соңында да осыған ұқсас сынақ өткенін хабарлаған.

Ресей Қарағанды облысындағы Сарышаған полигонының бір бөлігін 1996 жылы Қазақстанмен жасалған келісім бойынша жалға алған. Полигонның қалған бөлігін Қазақстан пайдаланады.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM