Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Ресей түрмесіндегі 70 шақты тәжік аштық жариялады

KAZAKBOL.COM

Ресейдің Мордва өңіріне қарасты Сосновка қыстағындағы колонияда жазасын өтеп жүрген 70 шақты тәжік аштық жариялады. Олар түзеу мекемесі басшыларының әрекетіне төзе алмаған деп жазды «Ахбор» порталы.

Жазасын өтеушілердің бірінің туысының айтуынша, биыл колонияға Сергей Сергушкин есімді жаңа басшы тағайындалған, тәртіп қатайған. Соңғы кездері жазасын өтеуші тәжіктерді кемсіту жиілеп кеткен.

«Колонияда жайнамаздарды жинап алып, әжетханаға тастаған. Бұның арты наразылыққа ұласты» деді ол.

Колониядағы жазасын өтеушілер биыл екінші мәрте аштық акциясын өткізіп жатыр. Наразылық шарасы маусым айында да өткен. Сол кезде оған 60-қа жуық адам қатысқан. Сол кезде де олар колония басшылығының озбырлығана арызданған.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM