Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Ресей Тәжікстанның Ислам партиясын «террористік» деп тануы мүмкін

KAZAKBOL.COM

Ресейдің Бас прокуратурасы ел аумағында «Тәжікстандағы Исламның қайта жаңғыруы партиясын» (Ислам партиясы) террорлық ұйым деп тану жөнінде сотқа өтініш берді. Бұл туралы мекеме басшысы Игорь Краснов Душанбеде Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен кездескен кезде айтты.

Краснов тәжік әріптестерінің аталған ұйымды террористік деп тану жөніндегі өтініші Ресейде қаралғанын айтты. «Біз Тәжікстанның Исламның қайта жаңғыруы партиясын террористік ұйым деп тану өтінішімен сотқа қайрылдық», – деді Краснов.

«Күйеуім мені сатқынның қызы деп ұрып, ажырасатынын айтады». Ислам партиясының қамаудағы мүшелерінің туыстары қалай өмір сүріп жатыр:

Тәжікстан билігі 2015 жылы «Исламның қайта жаңғыруы партиясы» мен оның жетекшілерін елде төңкеріс жасауға әрекет етті деп айыптаған. Тәжікстанның Жоғарғы соты елінде бұл партияның қызметіне тыйым салған. Ислам партиясының 14 мүшесі ұсталып, түрлі ұзақ мерзімге сотталған. Осыдан кейін ондаған өкілі шетелге қашуға мәжбүр болған.

Ислам партиясы тәжік билігінің айыптауын теріске шығарып келеді.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM