Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Ресей: «Талибан» жетістіктері «оң рөл ойнап жатыр»

KAZAKBOL.COM

Ресей сыртқы істер министрлігі аумағында террористік ұйым саналып келген «Талибан» қозғалысының әскери жетістіктеріне оң баға берді.

Ресей сыртқы істер министрлігінің Азия департаментінің директоры Замир Кабулов тәлібтер Ауғанстанның солтүстігіндегі аумақты басып алу кезінде өзге топтарды жойып жатыр деп мәлімдеді. Оның сөзінше, олар тек Ауғанстанды емес, Орталық Азия, Пәкістан, Иран елдерін нысанаға алған топтар.

«Сол себептен де, «Талибанның» іс-әрекеті Ресейдің Орталық Азия әріптестерінің қауіпсіздігі үшін «маңызды фактор» ретінде саналады», — деп атап өтті Замир Кабулов.

Осының алдында «Талибан» делегациясы Мәскеуге барып, Ресейдің СІМ өкілдерімен кездесу өткізген.

Мамыр айынан бері Ауғанстан жерінен АҚШ жетекшілік ететін халықаралық коалиция әскері шығып жатыр. Содан бері «Талибан» қозғалысы аймаққа ықпалын кеңейтіп жатыр, солтүстік өңірдің біразын басып алды.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM