Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Ресей тергеу комитетінің басшысы еңбек мигранттарын ДНҚ тапсыруды міндеттеуді ұсынды

KAZAKBOL.COM

Ресей тергеу комитетінің басшысы Александр Бастрыкин жақын шетелден келетін еңбек мигранттарын геномды тіркеуге алуды міндеттеуді ұсынды. Бұл туралы ол «Интерфакс» агенттігіне берген сұқбатында айтты.

Бұған қоса, Бастрыкин мигранттарды есепке алу тәртіптерін анықтауды ұсынды.

«Мұндай шаралар көші-қон үдерісін бақылауда ұстап, криминал элементтердің еңбек нарығына кіруіне қосымша тосқауыл болады», – деп мәлімдеді тергеу комитетінің басшысы.

Оның айтуынша, еңбек мигранттарының заңға қайшы әрекеттері көбейген, «жаппай төбелестер мен қоғам тәртітін өрескел бұзу оқиғалары жиі тіркеледі».

Бастрыкиннің мәліметінше, 2020 жылдың алғашқы жартысында «шетел азаматтары жасаған 17 мыңнан астам қылмыс» тергелсе, биыл алты айда бұл көрсеткіш 19 мыңға жеткен.

2008 жылы қабылданған геномды тіркеу жөніндегі заңға сәйкес, Ресейде мұндай тіркеуге ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасағандар алынады.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM