Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Ресей Украинаға «Азовсталь» зауытын қорғаған 210 жауынгердің сүйегін берді

KAZAKBOL.COM

Мариуполь қаласын қорғаған 210 жауынгердің денесі Украинаға берілді. Марқұмдардың дені «Азовсталь» комбинатын қорғауға қатысқан. Бұл туралы Украина қорғаныс министрлігінің Бас барлау басқармасы хабарлады.

Ресей жағы бұл туралы әзірге мәлімет таратқан жоқ.

Өткен аптаның соңында Украина Ресеймен қаза тапқан сарбаздардың сүйіген алмастыратынын жариялады. «Азов» полкының өкілі Анна Головко 2 маусымда тараптар Запорожье облысындағы майдан шебінде 160 сүйек алмастырғанын растады. Мұнда «Азов» полкының кем деген 52 сарбазының мәйіті бар екені хабарланды. Киев ДНҚ анализі арқылы мәйіттердің кімдікі екенін анықтап жатыр.

Екі айдан астам уақыт бойы Мариуполь қаласындағы «Азовсталь» зауытын қорғаған украин жауынгерлері мамыр айының ортасында тұтқынға беріле бастады.

ТАСС мемлекеттік агенттігінің хабарлауынша, «Азовсталь» зауытында берілген мыңнан астам украин жауынгерін Ресейге алып кеткен. Оларды тергеп жатыр.

Агенттік мәліметін Ресейдің ресми билігі растамады. Басқа да ақпарат құралдары бұл туралы қосымша мәлімет таратпады.

Ресей жағының ресми мәліметінше, 2,5 мыңға жуық украин жауынгері тұтқынға түсті. Украина президенті Владимир Зеленский де осылай деп отыр. Оларды әуелі Ресей бақылауындағы жікшіл аймақтарда орналасқан колонияларға жеткізген.

Украина президенті тұтқындағы жауынгерлерді елге қайтару үшін Киев қолдан келгеннің бәрін жасап жатқанын бірнеше мәрте мәлімдеген. Ресей жағы оларды алмастыру туралы ештеңе айтпады, бірақ тұтқындағы жауынгерлер сотталуы мүмкін екенін жоққа шығармады.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM