Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Ресейде Орталық Азиядан шыққан азаматтарды мешіттерде соғысқа тартып жатыр (видео)

KAZAKBOL.COM

Ресейде жұмыс істейтін Орталық Азиядан шыққан мигранттарды Украинаға қарсы соғысқа тек «Сахарово» орталығында ғана емес, мешіттерде, жатақханада және жұмыс орындарында тартып жатыр.

Мигранттардың айтуынша, жұмыс орындарында үгіт-насихат жүргізіп, Украинаға соғысқа барғандарға жоғары айлық, жеңілдіктер, бұдан бөлек Ресей азаматтығын беруге уәде етіп жатыр.

Озоди радиосының редакциясына Пенза қаласында әскери киімдегі ер адамның жұмыс орнында соғысқа тартып жатқан видео жіберілген.

Мұндай видео өзбек мигранттарының құқығын қорғаушы Джурабек Амоновқа да жіберілген екен. Ол «Үгіт жүргізіп жатқандар келісім-шартпен армияға қосылғандарға алты айдың ішінде Ресей азаматтығын беруге уәде еткен. Сонымен бірге өте көп ақша ұсынған. Біздегі мәлімет бойынша, соғысқа барған тәжік азаматтарының 99 пайызы өлген. Біз мигранттарға соғысқа барсаңдар, қылмыстық жауапкершілікке тартыласыңдар деп ескертіп жатырмыз», — дейді құқық қорғаушы.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM