Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Ресейде тәжік мигранттары тұратын вагонға өрт қойылған оқиғаны тергеп жатыр (видео)

KAZAKBOL.COM

Ресейдің Иркутск облысы Залари ауылындағы құрылысшылар тұратын вагонға қойылған өрттен 21 және 19 жастағы екі тәжік азаматы қайтыс болды. Олар — Файзабада тумасы Хасанзода Насимжон мен Гиссар тумасы Сироджиддин Амонулло.

Ресейлік басылымдардың жазуынша, 12 қарашада жергілікті тұрғындар мен мигранттар арасында болған қақтығыстан тағы бес тәжік азаматы зардап шеккен. Прокуратура «қатыгездікпен адам өлтіру» бабы бойынша тергеуді бастаған.

Иркутскідегі тәжік диаспорасының жетекшісі Алишер Шириновтің сөзінше, оқиға болған аймақтағы үш вагонда 15 тәжік мигранты тұрып жатқан. Оларға түнде ұйықтап жатқан кезде шабуыл жасалған.

«Интерфакс» агенттігі құқық қорғау органдарына сілтеме жасап, жанжал жергілікті екі тұрғын мен құрылыста жұмыс істейтін алты тәжік мигранты арасына туындағанын жазады. «Кейін жергілікті тұрғындар мигранттар тұрып жатқан вагонға өрт қойған. Қазір қақтығысқа қатысқан барлық азаматтар анықталды», — деген дерекөз.

Алайда Иркутскідегі тәжік диаспорасының жетекшісі Алишер Шириновтің айтуынша, дүкен алдында жергілікті тұрғындар екі тәжік мигрантын балағаттаған. «Олар орыс тілін нашар білетіндіктен, танысын шақырған. Ол келіп басу айтуға тырысқан. Сол жерде төбелес басталып кеткен. Кейін бәрі тараған. Бірақ сол түні 20-30 адам келіп, мигранттар жатқан вагонды өртеген», — дейді ол.

«Московский комсомолец» газетінің жазуынша, жанжал мигранттардың жергілікті екі қызбен сөйлеспекші болған әрекетінен туындаған. Бірақ сарапшылар жанжалдың түбінде Ресейдегі ксенофобия жатыр деп біледі.

Жыл сайын Тәжікстаннан Ресейге бір миллионға жуық азамат ақша табу үшін аттанады. Былтыр Ресейден Тәжікстанға 300 мигранттың денесі жеткізілді. Өлім себебі әртүрлі — қайғылы оқиға, жол апаты, дерт, қасақана кісі өлтіру т.б.

Источник

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM