Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Ресейде Украинаға қатысты таластан кейін офицер таксисті атып өлтірген

KAZAKBOL.COM

Ростов-на-Дону қаласының әскери соты такси жүргізушіні өлтірді деген күдікпен ұсталған офицерді екі айға қамау туралы шешім шығарды. Бұл туралы орыс басылымдары соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Astra және «Информбюро-ЮФО» басылымдарының мәліметіне қарағанда, күдікті 82717 әскери бөлімшесінің 33 жастағы командирі, капитан Алексей Крылов. Қаза болған такси жүргізушісі — 51 жастағы Роман Говасари. 161.ru басылымы Крыловтың зымыран бөлімінде қызметін өтегенін және бірнеше рет «соғыстарға» қатысқанын жазды.

Тергеу болжамдарына сәйкес, 15 тамызда әскери қызметкер такси жүргізушімен Украинадағы соғысқа байланысты дауласып қалған. Нәтижесінде офицер Макаров тапаншасымен жүргізушіні төрт рет атқан. Ол дәрігер келем дегенше, бақилық болып кеткен.

«Коммерсанттың» жазуынша, Тергеу комитеті «Оқыстан адам өлтіру» бабымен іс қозғаған. Бұл бап бойынша ол 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM