Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Ресейден 70 мыңнан 100 мыңға дейін IT маманы шығып кетуі мүмкін

KAZAKBOL.COM

Таяу айларда Ресейден 70 мыңнан 100 мыңға дейін IT маманы шығып кетуі мүмкін. Бұл туралы Baza басылымы Ресейдің Электрондық байланыс ассоциациясының басшысы Сергей Плуготаренкоға сілтеме жасап хабарлады.

Плуготаренконың сөзінше, ақпан айынан бүгінгі күнге дейін Ресейден 50 мыңнан 70 мыңға дейін IT маманы шығып кеткен.

«Елден кететін IT мамандарының саны бұдан да көп болады. Оған бағаның қымбаттауы,транзакцияларды жүргізу мүмкін еместігі себеп болып жатыр», — деді Плуготаренко.

Осыған дейін шетелде жүрген ресейлік оппозиция өкілдері мен қоғам белсенділері Ресейдің соғысқа қарсы комитетін құрған. Ондағы мақсат – Украинадағы соғыстан кейін елден шығып кеткен ресейліктерді қолдау.

Комитет өкілдері «Путиндік Ресейде тұру мүмкін емес деп есептегендерге» шетелдерде құжаттарын әзірлеп, виза алуға, банк есеп-шотын ашуға және заңдық тұрғыдан көмек көрсетпек.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM