Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қырғыз премьері: Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан темір жолының құрылысы күзде басталады

KAZAKBOL.COM

Биыл күзде Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан темір жолының құрылысы басталады. Қырғызстан премьер-министрі Ақылбек Жапаров үкіметтің 20 мамырдағы жиналысында осылай деп мәлімдеді. Ол бұл құрылысты Қырғызстан тарихындағы ең үлкен жоба деп атап, қолдау сұрады.

Темір жол құрылысы жөніндегі жоба қалай жүзеге асатынын Жапаров хабарламады.

Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан темір жолын салу туралы бастама 2000-жылдардың басында көтерілген, бірақ жоба осы күнге дейін іске аспай келді.

Ақпан айында Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Қытайдың CGTN медиакорпорациясына берген сұхбатында темір жол құрылысы жақында басталады деп мәлімдеген.

«Темір жол құрылысы Қырғызстан мен Өзбекстанның ғана емес, бүкіл Орталық Азияның көлік-транзит әлеуметін арттырады», — деді Жапаров.

Бұның алдында Қытайдың Қырғызстандағы елшісі Ду Дэвэнь екі елдің басшылары ақпан айында Пекинде кездескенде осы жобаны талқылағанын айтқан.

2017 жылы Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан темір жолы құрылысы жөніндегі үшжақты жұмыс тобы құрылды. Сол кезде жобаны жүзеге асырудың үш түрлі нұсқасы бар екені хабарланды.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM