Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Шымкентте дәріханадағы жарылыстан опат болғандар үш адамға жетті

KAZAKBOL.COM

Шымкентте дәріханада болған жарылыстан опат болғандар үш адамға жетті деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі сенбі күні кешке қарай.

«Қайғылы оқиғадан 1979 жылғы Б. есімді күзетші, 1980 жылғы Ш. есімді жұмысшы және туғанына 18 күн болған бір нәресте опат болды. Одан бөлек, сегіз адам зардап шекті, олар қаланың медицина мекемелеріне жатқызылды» деп хабарлады министрлік.

21 мамырда түсте Шымкенттегі дәріханалардың бірінде жарылыс болып, ғимарат қираған. Бастапқыда бір адамның қаза болғаны айтылған. Кейін олардың саны үшке жетті.

Дәріхана маңында жеті ауданға қызмет ететін перзентхана орналасқан. Жарылыстың салдарынан перзентхананың есік-терезелері бүлінген. Ол маңнан адамдар қауіпсіз жаққа эвакуацияланған.

Әзірге толық емес мәлімет бойынша, жарылысқа газдың жиналуы себеп болған. Полиция «өрт қауіпсіздігін бұзу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM