Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Ресейдің бірінші теннисшісі Дарья Касаткина каминг-аут жасады

KAZAKBOL.COM

Ресейдің рейтингте бірінші тұрған теннисшісі Дарья Касаткина спорт блогері Вита Кравченкоға берген сұхбатында каминг-аут жасады.

Кравченко «Ресей спорты тарихында алғаш рет каминг-аут жасаған» Надежда Карпова туралы әңгіме қозғаған. Оған жауап берген Касаткина осындай батыл қадамға барған атлетті қолдайтынын, «осындай мәлімдемені есту маңызды деп санайтын қыздар үшін де» қатты қуанғанын жасырмады.

«Қобалжып отырмын. Осылай ашық сөйлеспеген едім. Камераға ешқашан айтқан емеспін. Бірақ өзіме ұнайтын секілді», — деп жауап берді Касаткина каминг-аут жасау сәтінде.

Блогер теннисшіден ұнататын қызы бар ма деп сұрағанда, Касаткина оған «ия» деп жауап берген.

Дарья Касаткина 25 жаста. Ол Әйелдердің теннис қауымдастығы (WTA) рейтингінде 12-орында тұр. Қазір Касаткина Барселонада тұрады.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM