Бизнес мәліметтерге арналған картографиялық 2GIS Apple App Store қосымшасында қайтадан пайда болды. Бұл жөнінде жергілікті БАҚ-тар жазды.
Қазір қосымшаны 2GIS KZ атауымен көшіріп алуға болады. Қосымшаны жасаушы ретінде DG-SOFT KZ деп көрсетілген. Ашық мәліметтерге қарағанда, Қазақстанда мұндай атаумен компания сәуір айында тіркелген, оның құрылтайшысы биыл қаңтар айында тіркелген «2ГИС Локал КЗ» компаниясының директоры деп жазылған.
Походу 2GIS обошел санкции через какую то казахстанскую IT компанию DG Soft KZ. Раньше в разработчиках был СБер? pic.twitter.com/iyPJ9sH7UE
— Ерлан Сакенов (@iamYerlan) December 4, 2022
2GIS сервисінің негізгі иесі 2020 жылы осы компанияның 72 пайыз үлесін сатып алған Ресейдің Сбербанк болып саналады. Ресей Украинаға басып кірген соң Сбербанк те санкияға ілінген, активтері бұғатталған.
2GIS қыркүйекте App Store қосымшасынан жойылған, алайда бұрын орнатылған құрылғыларды жұмыс істеп тұрған.
KAZAKBOL.COM